Арман көлде – Сайын Назарбекұлы

Бұл бетте «Арман көлде» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 681
Адасады-ау, кей-кейде, сірә, сезім
Алпыс жас не... он бесі... бір, ә, сезім?!
Бір қаңғыбас, тағы да іздеп кепті,
Күлдірмекке дейді ғой "бұра сөзің".
Биік арман!.. жалына қол жетпейтін
Асауарна!.. бойлатпас, ендетпейтін.
Қиял арман — ол шіркін бір құладүз,
Ол бір дала! жаныңнан шел кетпейтін.
Бәрі бірдей ойланса бізше бір түн
Биқамдықтың шылбырын үзсе бір күн.
Ұлт намысын желкен ғып "арман көлде"
Аққулардай жарасып жүзсе, шіркін!

Ақтау. 6.06.2001 ж.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері