Ең бастысы "ой" деген оңдырмасым –
Сайын Назарбекұлы
Бұл бетте «Ең бастысы "ой" деген оңдырмасым» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бір басымда бірнеше ғажайып бар,
Әр қайсысы ғаламат ғажайыптар.
Ең бастысы "ой" деген оңдырмасым,
Бірі мақтап, ал бірі, таза айыптар.
Мақұлы бар ішінде, тақылы бар,
Ақын ойын, әрине, ақын ұғар.
Лас сөзді тазартсаң әлек болып,
Таптырмайды-ау, оқушы, "затын" ұғар.
Лас ойды тұндырып сүзіп қара,
Ақ маржанын алсаңшы, үзіп дара.
Адалдаса, шіркін-ай, адам жанын,
Ата қанын, ұрпақтың, сүзіп қана.
Ел етер ем елімді жатырынан,
Сақтар едім мәңгүрттен, пақыр ұлдан.
Бірақ, бірақ сол өзі керек пе екен?
Кіл ақылдың қорқамын ақырынан.
Астана. 23.05.2002 ж.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі