Белгісіз өкпе дерті

Бұл бетте «Белгісіз өкпе дерті» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 794
Жалқы Бала — Жер-Ана
Шалдығыпты дертке бір.
Соғыс, соғыс, соғыстар,
Бар мүшесі өртте жүр.
Жетім Баба — Жер-Ана
Шалдығыпты дертке бір.
Азаттықтың жолында
Палестина сертте жүр.
Жалқы Бала, жетім Баба,
Қорғансызым — жетім Жер!
Анаң сырқат, көңіл сұра,
Ей адамдар, жетіңдер!
Ғасырлардан жапа шеккен,
Өкпе кеткен езіліп.
Ойлады ма құтылмаққа
Адам сұмнан безініп.
Кімді емдесек ағайындар,
Жерді, әлде адамды?
Нені емдейміз, өкпені ме,
Әлде дертті, сананы?..

Ақтау. 12.05.03.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Белгісіз өкпе дерті өлеңінің авторы кім?

Сайын Назарбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Белгісіз өкпе дерті өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Белгісіз өкпе дерті өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сайын Назарбекұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Белгісіз өкпе дерті өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері