Белгісіз өкпе дерті – Сайын Назарбекұлы

Бұл бетте «Белгісіз өкпе дерті» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 914
Жалқы Бала — Жер-Ана
Шалдығыпты дертке бір.
Соғыс, соғыс, соғыстар,
Бар мүшесі өртте жүр.
Жетім Баба — Жер-Ана
Шалдығыпты дертке бір.
Азаттықтың жолында
Палестина сертте жүр.
Жалқы Бала, жетім Баба,
Қорғансызым — жетім Жер!
Анаң сырқат, көңіл сұра,
Ей адамдар, жетіңдер!
Ғасырлардан жапа шеккен,
Өкпе кеткен езіліп.
Ойлады ма құтылмаққа
Адам сұмнан безініп.
Кімді емдесек ағайындар,
Жерді, әлде адамды?
Нені емдейміз, өкпені ме,
Әлде дертті, сананы?..

Ақтау. 12.05.03.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері