Волейбол – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Волейбол» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 2753
Төзiмдi қамап қамалға
өзiңе ендi абай бол!
Алақандай алаңда
қызады келiп волейбол.
Өртенiп,
жанып күйiктен,
ауаға қалқып, асылып,
соғады допты биiктен
құрулы тордан асырып.
Тағы да бiр доп соғылды
сiлтi ауаны сiлiккен.
Серпедi керi добыңды
ауаға сүңгiп жiгiттер.
Қорғағандай қамалды
қорғайды жерiн сан құлап, –
екi жақ жатыр алаңды
кезекпе кезек бомбалап.
Ұмтыла ұшып сабылып,
серпедi допты iзiнше, –
доп емес,
бомба жарылып
кетердей жерге түсiрсе.
Жiгiтiм,
ендi жасқанба!
Сенетiн болсаң күшiңе
қайта соқ допты,
аспандат!
Түсiрме жерге, түсiрме!
Өртенiп,
жанып күнiне,
алаулап, шалқып оттардай,
торларын құрып дүние
қорғайды жерiн «доптардан».


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Волейбол өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Волейбол өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Волейбол өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Волейбол өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері