Біздер

Бұл бетте «Біздер» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1024
Жасқаншақ, жалтақты
жiгерге өртеткiз.
Өйткенi бiз деген
ертеңге ынтықпыз,
өткенге ертекпiз,
бүгiнге шындықпыз.
Шөл қысып қуарған
жаңғыртып даланы,
арқалап келемiз
тұтас бiр қаланы.
Дененi талдырып
шалдықсақ терлеп бiр,
сүртедi маңдайды
күс қолы еңбектiң.
Бiз үшiн
тыныштық – басты ұран.
Туған батырмыз
аңыз бен дастаннан.
Шығып жатамыз
жердiң астынан,
Түсiп жатамыз
Айдан, Аспаннан.
Тауып тұрамыз
жұмбақ түйiннен
болашақ таңдарын.
...Қағып тұрамыз
жұмыс киiмнен
жер менен космос шаңдарын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Біздер өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Біздер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Біздер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Біздер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері