Өлең, жыр, ақындар

Гүлдер

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1474
Гүлдер!
Гүлдер!
аялап дала күткен.
Үзбе оларды!
Қара тек, жаңа үмiтпен,
сол гүлдердiң ернiнен
тәттiлiктi
жинай-жинай тауысты-ау ара бiткен.
Ызыңдаса арадан мың үн қалқып,
жүре берер жүректен жырың балқып,
үзiлдiрiп гүлдердiң тал бойынан,
шымырлатып сорса егер шырын тартып.
Ұясына араның салсам бүлiк
жон арқама тiлдерiн шаншар қуып.
Қорыққанмен амал жоқ,
бал құрғырың
таңдайымды барады тамсаңдырып.
Не болса да көндiм деп салып басты,
ақырында шыдамай бұтақтағы
балға толы ұяны алып қаштым!
Пәлекетке дәл мұндай жан шыдар ма
айдалаға түк көрмей қаша бердiм,
мың ара кеп инесiн шаншығанда.
Бiр қуғанға әй-шайға қарата ма,
бiр қуғанға ызасын тарата ма, –
бас көтертпей келедi, әлi күнге
балға құмар жанымды ара талап.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Аңсау

  • 0
  • 0

Ұшып қиял ғарышқа
Әрбiр сөзден от тауып,
Айдалада, алыста
Жүретiн ем шөп шауып.

Толық

Құрғақшылық

  • 0
  • 0

Шалқып ағатын өзендерiм
Тартыла-тартыла
Инедей болып қалды.
Оқалы шапандай

Толық

Жалған арман

  • 0
  • 0

Шiркiн-ай!
Парықсызды –
Құлақшекесiнен! –
Құлаштап тұрып ұрсам.

Толық

Қарап көріңіз