Қайдан келдiңдер, торғайлар? – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Қайдан келдiңдер, торғайлар?» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 816
Қайдан келдiңдер, торғайлар?
Қайдан?
Қай жақтан?
Сендегi жүректер тоңбай ма,
осынау жалаңаш аймақта?!
Өсетiн үйiмнiң алдында
жалғыздық дегендi аластап,
жамырап қондыңдар
жалғыз түп ағашқа.
Таласып жатасың
өкiнiп, өтiнiп
келе алмай шешiмге –
бұтақтан-бұтаққа секiрiп
әңгiмелесесiңдер.
Талқылар көктемгi қамыңды
мәжлiс пе әлде басталған? –
кiшкене камзолдай түймесiз
қозғайсың қанаттарыңды
шешiм тастардай.
Үй маңын талас қып қонасың...
ұшасың...
ап-арық бұтағын ағаштың
саусақпен шымшып бiр қысасың.
Үнсiз мен тыңдаймын басылып,
сөйлеуге бата алмай қатты бiр –
сендер боп кетердей шашылып
жалғыз түп ағаштан
шаттығым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері