Намыс

Бұл бетте «Намыс» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1264
Намыс – от,
намыс – жалын ба?
Бұрқанып долданған шағында
тiлi байланып,
өзегi өртенiп,
iлесiп дүрлiккен ағымға
алқынып арың да,
қызады қаның да.
Қан жұтқан кектер мен
зомбылық, зорлықтан ашынған
дуэльде, жекпе-жектерде
өлген ол
өткен ғасырда
рухқа от құйып,
жүрекке оқ тиiп.
Жез иық, сұр мундирлi
тышқан көз Зомбылық
тепкiлеп, талдырып
оны ұстаған
аяқтан,
қолдан кiсендеп,
қылыш боп қылша мойыныңды
қиып түсем деп.
Бүгiнде ол
ары мен шаттығы шерменде
теңдiгi жоқ әлi елдерде
әлi де тiресте,
әлi де күресте:
қара ниеттi
қара күш болып тиiскен
арсыздар
намысты күтiп ап
қараңғы мүйiсте
ырылдап ит болып талайды,
жабылып сабайды –
жығып сап таяққа,
басады аяққа.
Намысты, намысты
қансыздар
басады аяққа!
Ызадан қабағы түйiлген
өзегi өртенiп,
жаны күйiнген
жүрегiн жаралап
iлiнген пышаққа,
түседi ол
ауыр жағдайда
ауруханаға.
Қара күш, қара ниетпен
деме оны сөндiрем,
көндiрем.
Төзедi ол
не жазсын маңдайға,
қандай бiр қатыгез жағдайда
жоғары ұстайды ол өз басын.
Алдыма бүгем деп ойлама,
жоқ оның тiзесi.
Жылатам деп оны ойлама,
жоқ оның жалыныш көз жасы!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Намыс өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Намыс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Намыс өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Намыс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері