Өлең, жыр, ақындар

Намыс

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1231
Намыс – от,
намыс – жалын ба?
Бұрқанып долданған шағында
тiлi байланып,
өзегi өртенiп,
iлесiп дүрлiккен ағымға
алқынып арың да,
қызады қаның да.
Қан жұтқан кектер мен
зомбылық, зорлықтан ашынған
дуэльде, жекпе-жектерде
өлген ол
өткен ғасырда
рухқа от құйып,
жүрекке оқ тиiп.
Жез иық, сұр мундирлi
тышқан көз Зомбылық
тепкiлеп, талдырып
оны ұстаған
аяқтан,
қолдан кiсендеп,
қылыш боп қылша мойыныңды
қиып түсем деп.
Бүгiнде ол
ары мен шаттығы шерменде
теңдiгi жоқ әлi елдерде
әлi де тiресте,
әлi де күресте:
қара ниеттi
қара күш болып тиiскен
арсыздар
намысты күтiп ап
қараңғы мүйiсте
ырылдап ит болып талайды,
жабылып сабайды –
жығып сап таяққа,
басады аяққа.
Намысты, намысты
қансыздар
басады аяққа!
Ызадан қабағы түйiлген
өзегi өртенiп,
жаны күйiнген
жүрегiн жаралап
iлiнген пышаққа,
түседi ол
ауыр жағдайда
ауруханаға.
Қара күш, қара ниетпен
деме оны сөндiрем,
көндiрем.
Төзедi ол
не жазсын маңдайға,
қандай бiр қатыгез жағдайда
жоғары ұстайды ол өз басын.
Алдыма бүгем деп ойлама,
жоқ оның тiзесi.
Жылатам деп оны ойлама,
жоқ оның жалыныш көз жасы!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шер мен жел

  • 0
  • 0

Әзiр жазуға болмайтын
Бiр жырым бар едi, –
Кеудемнiң түбiне тығып
Сабырымды тас етiп

Толық

Ерте қуарған ағаш

  • 0
  • 0

Соған қарап мен
Сан ойлар торабында
Адастым:
Жапырағы желбіреп

Толық

Бір ақынға

  • 0
  • 0

Неткен оның тап-тар едi ұғымы.
Жоқ сөзiнiң сөлi менен шырыны.
Селтең-селтең,
селтең-селтең етумен

Толық

Қарап көріңіз