Менің пәтерім

Бұл бетте «Менің пәтерім» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 614
Көрiктi ғажап жерде емес
менiң пәтерiм.
Тар да емес, кең де емес,
менiң пәтерiм.
Жел келсе — билер сәндiкпен
қанаты қанша талса да,
тұрады оны тал бiткен,
жан-жақтан қорғап қоршап ап,
Тартысқан миллион, мың жылдап
Көремiн десең кiр ендi,
терезе — теледидардан
мазасыз мына әлемдi.
Қаққандай бейне дабылды,
басына жатқан көтерiп.
даусымен балаларымның,
Шулайды менiң пәтерiм!
Кей кезде толқып үздiккен
әуендi iздеп шақырам:
жырлайды онда құс бiткен
толқиды онда Атырау.
Құлақ сап әлем үнiне
дайын боп бiлек түремiн, —
беймаза мына дүние
есiгiн қағып тұр оның.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Менің пәтерім өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Менің пәтерім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Менің пәтерім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Менің пәтерім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері