Саф Самалдар, басқамен – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Саф Самалдар, басқамен» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 520
Саф Самалдар, басқамен
кезiктiң бе,
жабырқаттың әйтеуiр кешiктiң де,—
дәл осындай кездерде тереземнен
тұрушы едiң аңқылдап есiп күнде,
жабырқаттың әйтеуiр кешiктiң де.
Менен жырақ алыстап кеткен бе едiң,
келер деп ем,
қайтадан өткендерiм,
тағы да дүрiлдетiп кетер деп ем
кешiктi ме шынымен Көктемдерiм!
Толкындар, шуласаңдар дауылды ап кеп,
тұнжырайды, түнерiп ауырлап көк.
Сендер де кешiктiңдер, амалым не,
жаныма төгiлетiн сауылдап кеп.
Ойланам күзгi кезгi орман құсап,
Қараймын күндерге алыс, жолдарға ұзақ.
Шақырып Самал, Толқын, Көктемдердi
тербелем кағылған бiр қоңырау құсап.
Сырымды жеткiзетiн жарандарға
жүректе — от,
ал қолымда — қалам барда
бiр өлең жасайын деп армандап ем
Көктемнен,
Толқындардан,
Самалдардан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Саф Самалдар, басқамен өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Саф Самалдар, басқамен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Саф Самалдар, басқамен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Саф Самалдар, басқамен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері