Әкім інілеріме

Бұл бетте «Әкім інілеріме» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.06.2022
  • 0
  • 0
  • 755
Ислам, Әли, Әуелхандарға

Сендер бiздi
Жотаның үстiмен жүргiздiңдер,
Таулардың үстiне мiнгiздiңдер.
Қазақтың талай ақыны кiрмеген
Бұлттардың iшiне кiргiздiңдер.
Күндей күркiретiп күлгiздiңдер,
Талай-талай тарихты бiлгiздiңдер!
(Әкiм iнiлерiм мен
Ақын iнiлерiм
Шұрқырап табысты.
Өзен мен өзен қосылғандай
Бұрқырап табысты).
Ормандарға кiрiп
Қайындардай болдық.
Өзендерге түсiп
Жайындардай болдық.
Өгемдей сарқырадық.
Бөгендей жарқырадық.
Шардараны шайқап iштiк.
Қызылкөлдi – рас! –
Тұзды екен
Байқап iштiк...
Күн де жанып тұрды.
Сендер де жанып тұрдыңдар
Жанымызды алау етiп
Жағып тұрдыңдар.
Араларыңда
Ақ жүрекпен ақтарылып
Жарылып жүрдiк.
Ағаштардың жапырақтарын –
Күн өтпесiн деп! –
Жамылып жүрдiк.
Адамдармен кездесiп
Алыптарға айналдық.
Бұрқырап тасыған
Ақ жал толқынды
Шабыттарға айналдық.
Мыңжылқыдай марқайдық,
Қазығұрттай қартайдық.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әкім інілеріме өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Әкім інілеріме өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әкім інілеріме өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әкім інілеріме өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері