Қыс айындағы ақ жаңбыр – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Қыс айындағы ақ жаңбыр» атты Темірхан Медетбек жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 727
Жауады төгiп ақ жаңбыр
далада гүлдер жоқ бiрақ.
Жауады төгiп ақ жаңбыр
шықпайды бiрақ алдынан
балалар ойнап шапқылап.
Жауады жаңбыр сабалақ
мезгiлсiз кезде кезексiз.
Тоң қатқан сұрқай далаға
дауысы оның қажетсiз.
Өрiсте бiрi қалмады
сиыр мен қойлар, ат бiткен:
Тұнжырап қарсы алмады
мүлгiген бау мен бақ бiткен.
Домалап келген тау жақтан
тасқындар тулап тасқанда —
жаурайды суық саусақтан
бұйығып қара тастар да.
Жылғаны тiлiп жылатқан
төгедi ол ойпаң, койнауға.
Iшпейдi оны, бiрақ та
сiмiрiп шалғын, жайлаулар...
... Ақ жаңбыр, кейде дiрдектеп
құйылар менiң сөзiм де,
тоң қатқан, бiрақ, жүрекке
қажетсiз ол да өзiндей.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері