Көшелер – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Көшелер» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 663
Үстiне көкпеңбек
асфальт төсеген
өзендер сияқты
ағады көшелер.
Ағады көшелер
қарамай ойыңа, өрiңе,
асығып аптыққан
адамдар легiмен.
Ағады көшелер
үйiмен, магазин, бағымен,
автобус, таксидiң
даусымен,
жылдамдықтарымен.
...Бұтақтың ұшында
жап-жасыл жапырақ
қарайды қалтырап...
Ағады көшелер
тұтас бiр қаланың
барлық жер, барлық тұсында
өзендей жалтырап,
өзендей сарқырап.
Ағады көшелер
құйылып, алаңға, қақпаға,
оңтүстiк жаққа да,
солтүстiк жаққа да.
батыс жаққа да,
шығыс жаққа да.
Түн болса оттарын жағып ап,
бiрiнiң толқынын
бiреуi қағып ап.
Шалқиды –
бойына жия алмай,
толқиды –
арнаға сия алмай
мереке күндерi.
Ағады көшелер
шуылдап, аптығып;
қамсызды, әлсiздi
жағаға лақтырып:
толассыз толқыны
толқынмен жарысып;
мақсатсыз жандарды
жаңқадай ағызып.
Қарлыққан дауысын
қиянға жеткiзiп;
бүгiннiң салмағын
бойынан өткiзiп, –
үстiне көкпеңбек
асфальт төсеген,
өзендер сияқты
ағады көшелер.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көшелер өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Көшелер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көшелер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көшелер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері