Жатыр едiм бей-жай мүлгiп диванда

Бұл бетте «Жатыр едiм бей-жай мүлгiп диванда» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 609
Жатыр едiм бей-жай мүлгiп диванда
тамсап сорып тәттi елестi жиналған.
Қабырғаның ар жағынан
кенеттен
дауыс шықты зарлы үнменен қиналған.
Әйел дауысы,
бiлiп тұрмын,
қайғылы,
түскен оқыс қанатынан қайырылып.
Көршiм менiң жесiр әйел болатын
қалды ма екен жалғызынан айырылып?!
Қасiреттiң қарғыс уын iштi ме?
Тұншығады –
құлап байғұс түстi ме?
Әйтеуiр мен дiр-дiр еттiм
кенеттен
сұп-суық су құйған-сынды үстiме.
Қапелiмде келе алмастан шешiмге
тапжылмастан қалғаным сол есiмде.
Санам тұр тек жалғыз ойды қайталап
жесiр едi...
жесiр едi...
жесiр деп.
Тiршiлiктiң болмысынан алшақтап
ойым менiң жүгiредi сан саққа, –
қабырғаның ар жағынан шыққан үн
сияқты бiр қабырғамды қаусатқан.
Сол бiр зарлы үн тына қалды бiттi де...
Сөйлеп жатты коментатор,
диктор ме...
Жылап жатқан жесiр әйел көршi емес
Теледидар екенiн тек ұқтым мен.
Жеңiлдедi деме менi бiрақ та
үрейлi үн қалып қойды құлақта –
сол бiр әйел жүректi қан жылатты
тұрсадағы басқа құрлық, жырақта.
Әйел зары...
Бауыр етiм езiлдi.
Мұндай сәтте ұмытамын өзiмдi.
Тұрып қалдым дел-сал осы бiр күйiмде
есеңгiреп жия алмастан есiмдi.
Тағдыр, тағдыр күрделi үлкен сұрақ бұл,
тұрсадағы менен алыс жырақ бiр
сол бiр әйел –
негр ме, әлде араб па...
қабырғамның дәл түбiнде жылап тұр.
Мен жыласам –
көрме оны ерсiлiк,
бос екен деп жүрме менi кемсiнiп,
әйтеуiр мен қанша қашық болса да
қайғысымен бүкiл осы әлемнiң
қабырғалас көршiмiн!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жатыр едiм бей-жай мүлгiп диванда өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Жатыр едiм бей-жай мүлгiп диванда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жатыр едiм бей-жай мүлгiп диванда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жатыр едiм бей-жай мүлгiп диванда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері