Ақша қар – Ержан Қабышұлы Қабанбай

Бұл бетте «Ақша қар» атты Ержан Қабышұлы Қабанбай жазған табиғат туралы өлең берілген.

Ақша қар

Бірін-бірі итеріп барады бұлт,
Көшкен қойдай қыстаққа жел айдаған.
Күннің көзі әр жерден қарап жылт-жылт,
Жас келіндей танытар сыңай маған.

Атты, батты тағыда құрығыр күн,
Құнын сонша жықпаған бұлай ғалам.
Тәтті-тәтті қаршыққа толып ұртым,
Май шашымды сол қолмен тарай барам.

Көрер күннен қаперсіз қар жауып тұр,
Жел айдайды қаржыдай шет елдерге.
Тереземе телмірді ақжаулық түн,
Бұйымтайлап келгендей көкелерге.

Ақ шахарды айналған ақша қарлар,
Жауғаныңды қайтейін жерге шашып.
Ақордаға байланған ақшақорлар,
Камаз-камаз әкетер қырға тасып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар