Бей-жай күйде отырамын кейде мен – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Бей-жай күйде отырамын кейде мен» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 557
Бей-жай күйде отырамын кейде мен:
менi ол кезде толқытпайды ой деген.
Кеудем бос қап үңiрейiп қуыстай
салмақ болмас сөздерiмде сөйлеген.
Тұман басар дымқыл ауа бүркiген,
тұра алмай да,
жүре алмай да –
iркiлем.
Қалмағандай өн бойымда ештеңе –
сағыныш та,
қайғы-мұң да,
күлкi де.
Жоқ көңiлде –
салқындық та,
жылылық.
Кетемiн де бей-жайлықтан үгiлiп
көкте де емес,
жерде де емес, әйтеуiр,
қалқып тұрам кеңiстiкте iлiнiп.
Бiтелiп қап өкпе,
жүрек,
өзегiм,
ақпай қалар ағып жатқан өзенiм.
Ұстайтұғын тұтқасы жоқ үрейлi
бастан кешем
салмақсыздық кезеңiн.
Толқытпаса –
менi өмiрдiң сауалы,
толқытпаса –
менi өмiрдiң зауалы,
баспаған соң иығымнан салмақтар
қалқып тұрам
қармап босқа ауаны.
Өрмекшiдей ұя салған қуысқа
салбыраймын,
Тарылады тыныс та.
Әлек болам тiрей алмай аяқты,
әлек болам тұтқа таппай уысқа.
Ұстамақ боп ұмтыламын әрнеге.
Салмақсыздық –
бiрақ мынау бөлмеде...
Сонан кейiн өмiр жайлы ойлаймын.
Ойласам-ақ
түсем қайта жерге мен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бей-жай күйде отырамын кейде мен өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Бей-жай күйде отырамын кейде мен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бей-жай күйде отырамын кейде мен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бей-жай күйде отырамын кейде мен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері