Өлең, жыр, ақындар

Аққу деген бiздер үшiн киелi

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 643
Аққу деген бiздер үшiн киелi,
аққуды атсаң сол оқ маған тиедi.
Аққуға сен жаға көрме күйенi,
аққу деген бiздер үшiн киелi.
Суды сызып қос қанаты етегi,
аққу құсым тап алдыңнан өтедi.
Өтiнемiн, тие көрме аққуға
киесi ұрып,
жазым қылып кетедi.
Күзге қарай тастап зерең көлдерiн,
кең даласын –
жоталарын,
белдерiн
аспанымда айтып бара жатады
аққу бiткен Ақан серi әндерiн.
Айтып сырын көл, өзен мен жапанға
кеткен олар қиыр алыс сапарға.
Ақан серi ғашық болған аққуға,
аққу бiткен ғашық болған Ақанға.
Махаббаттың көре-көре азабын,
Ақан-серiм болыпты ғой азалы, –
аққуларым ғашық содан қазаққа,
аққуларға ғашық содан қазағым.
Бұл ғұмырда мың өртенiп, жаныппыз,
жаныппыз да,
мәңгi өлмес боп қалыппыз.
Киелi құс әнiн айтқан халықпыз.
киелi құс ғашық болған халықпыз!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кілең солай ғой!

  • 0
  • 0

Даңғаза аңшы:
Мына қоянды
Атсам;
Атып,

Толық

Қара түндей қара адам

  • 0
  • 0

Екi кештiң арасында
Қара киiнген
Қара түндей қара адам
Көшенi бойлап

Толық

Ниет

  • 0
  • 0

Алып жерiм
Мұңданып жатыр.
Асыл көлдерiм
Жуынды құйылған итаяқтай

Толық

Қарап көріңіз