Аю

Бұл бетте «Аю» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.04.2019
  • 0
  • 1
  • 6140
Сенген қайрат, күшіне
Қоңыр аю-қорбаңбай,
Жасыл тоғай ішінде
Жүреді еркін қорғанбай.
Бал араның қалайда
Барлық балын өзі алып,
Жидегі мол тоғайда
Жүргізеді қожалық.
Әлсіздерді аямай,
Әлімжеттік істейді.
Әлділердің,—
Ай-ай-ай!—
Соңына бір түспейді.
Қыс ұйықтайды оянбай,
Қарды ініне қақпақ қып.
Басқаша айтсақ,
Пәлен ай
Істемейді ақмақтық!


Пікірлер (1)

Назерке

Рахмет бізге осы керек еді

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аю өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Аю өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аю өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аю өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері