Дауылды күнгі теңіз – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Дауылды күнгі теңіз» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 594
Қара,
Теңiз алабын
айбар шашып алқынған, –
құз-жартасқа соғады
лек-лек болып толқындар.
Соғады да тебiнiп
құрдымға ол батады...
Келесi лек бәрi бiр
шулап келе жатады.
Күрес жүрiп жатқандай
азаттықты аңсаған.
Соғып өткен шақтарда
күркiреп бiр жар салар.
Лебi шарпып бетiмдi
жүрегiме құйған мұң, –
ереуiлi секiлдi
Чили менен Иранның.
Көрген барлық азапты
бiр-ақ төгiп құярдай.
бұлқынады азаттық
арнасына сия алмай.
Кеудесiне мұң-қайғы
құяды кеп ашынып!..
Шағалалар шулайды
листовка боп шашылып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері