Тұтқын зары

Бұл бетте «Тұтқын зары» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 03.01.2021
  • 0
  • 0
  • 787
Мұстай Кәрімнен

Тұншықтырған тамұқ өңір...
Үф деген жел де жоқ,
Мұнда құстар ұша алмайды аспандап.
Жат өлкеге қарғыс атып, сор кезген.
Шер төгемін көзден қанды жас парлап.
Менің туған елімде ғой қазір күз,
Тырна қайтып, ән төгілтіп барады-ау.
Жапырақтарды Днепрге иіріп,
Ақ қамыстың үкісін жел тарады-ау.
Ағатайым,
Тырна әнін естісең,
Менің зарым деп ұққайсың,
Құлағыңа барды ма?
Теңселдіріп көк аспанды нөсер боп,
Мынау жасым төгілсе ғой алдыңа.
Қарындасың мен, тұтқында зар кешкен,
Құтқарар деп сеніп, өзің — тосқаным.
Сенде қанат, сенде Отан аясы,
Ашық аспан, бар ғой сенер достарың.
Тұншықтырды-ау тамұқ өңір...
Үф деген жел де жоқ,
Естілмейді мұнда құстар әні де.
Өлік сынды үнсіз жерге төгілер,
Қанша жасым қалдың екен әлі де.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тұтқын зары өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Тұтқын зары өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тұтқын зары өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Тұтқын зары өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері