Не деп айтамын – Абай Ержанұлы

Бұл бетте «Не деп айтамын» атты Абай Ержанұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Не деп айтам шүйке басы тырысқанға
Жалғанда жалпағынан құлағанға
Алла ұлық беретін сынақтарды
Шешімі бар түсініп сыналғанға

Не деп айтам бұл өмірде сүрінгенге
Сүрініп құдай-ау бүлінгенге
Қателікпен адам өсер ой жинақтап
Басты көтер тік ұста бүгілмеңде

Не деп айтам бұл өмірде жылағанға
Қапаланып қалмағын жоғалғанға
Құдайдан мықты кім бар түсінгенге
Жеңісің бір табан аз қалғанда

Не деп айтам қуанып секіргенге
Бездеңдеп мәңгілік көрінгенге
Берілген дүние мүлкің бәрі сынақ
Төрлерде жүрген басың сияды көріңеде


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері