Мекенім – Абай Ержанұлы

Бұл бетте «Мекенім» атты Абай Ержанұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қайтесің Дубайыңды кілең толы құмды
Бізде де бар ондай көрсеңші Мойынқұмды
Теңіз десең Каспиге жетері жоқ суыңныңда
Алакөлдей тұзды болмыс жаратын тобығыңды

Қыдырам десең Бурабай мен Көлсай бар
Түрлі таулар шыңы биік Алатаудай асқарлар
Барып көрмей өзіміз, көрсетеміз қалай шет елге
Жылқы мінген серілер түскенін дей бәйгеге

Ауыл маңы, табиғат иісі аңқыған жұпарым
Шапқылаған боз бала қарғып мінген тұлпарын
Қазақстаным мекенім басылмайды құмарым
Ғаламда жоқ тең келер жер жәннәті жұмағым

Шәуілдірім берекем менің туған мекенім
Байлығыңда мол екен құшағың кең мерекең
Отырардың тарихы шет елдерде кең екен
Түркістандық Венеция өзге елде барма екен?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері