Уақыт – Абай Ержанұлы

Бұл бетте «Уақыт» атты Абай Ержанұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Білмегенмін уақытты өтетінін дәл бұлай,
Қадірін сезіндім жаратқан жалғыз Құдай.
Өсе келе түсінеміз артымызға бір қарап,
Қайран уақыт қайта келмес бұрынғыдай.

Күнім батып, таңым атып тоқтамай,
Жылдан жылға өтіп жатыр байқалмай.
Жер бетінде адамдар таласып жүр,
Қабірде өкінгендер сол күнге қайталмай.

Уақыт барда уақытыңды қор қылма,
Жаса үйрен кінә тақпа тағдырға.
Бәрін біліп туылған жоқ ғалымдар,
Тырнақ тістеп бос әуреге салынба.

Кімді көрдің бармақтай бағы басқа,
Талайы жүр егіліп, көзі толы жасқа.
Ата-анаң разы болса, қолдауың тәңірден,
Бір білерім жамандарға қосылмасқа.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері