Бұл бетте «Түскендей бейне жарысқа» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Түскендей бейне жарысқа,
тұрғандай алдан сый күтiп,
келемiз бiздер алысқа,
асфальт жолмен құйғытып.
Шiлде айы.
Ыстық...
Бiрақ та
аптапқа үнсiз көнемiз,
барады ол бiздi шыдатпай, –
қаталап, шөлдеп келемiз.
Бағандар бiткен шұбырар,
осынау шексiз далада.
Келемiз ұшып зымырап,
шөлге бiз бiрақ қарамай.
Жатады жапан жаңғырып,
елемей күндi қайнаған,
жылдамдықтардан жан кiрiп,
зымырап, зулар айнала.
Ап қашар қазан тасты да,
таспа жол су боп аққандай –
машинамыздың астына
құйылып кiрiп жатқандай.
Қараймыз келiп осыған,
қаңсытар шөл де дененi...
Көкпеңбек жолды
машина
сiмiрiп жұтып келедi...
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі