Мінездің кейбір сәттері – Бақыткерей Ысқақ

Бұл бетте «Мінездің кейбір сәттері» атты Бақыткерей Ысқақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.12.2015
  • 0
  • 0
  • 2804
Қабағыммен жайдары, есігімді ашамын,
Қуанышты, шаттықты, құшақ- құшақ шашамын.
Шалқып кіріп үйіме, шалқайып бір жатамын
Иесіндей байлықтың, кең жайылып құшағым!
Ал, кей күні көшеден, өз-өзімнен тырысып,
Үйге кірем көңілсіз, барлық мүшем құрысып.
Ит ашуын тырнадан алатындай мінезбен
Аласұрып отырам, бір мін, тауып ұрысып.
Күнге жайған көйлектей, ашу да тез кетеді,
Парасатты, ақыл, ой, кештеп болсын жетеді.
Екі қолың аузыңа, кейде жетіп, жетпейді
Өмір деген-табиғат, төрт мезгілдей өтеді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері