Тербетiп бау мен бағымды – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Тербетiп бау мен бағымды» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 667
Тербетiп бау мен бағымды,
соғатын шалқып, толқып бiр
желiнен күздiң сабырлы
алманың иiсi аңқып тұр.
Көз тiгiп түпсiз көгiме,
оранам сары шалғынға,
Сабырлы күздiң желiнен
шығады иiсi нанның да.
Сонан соң үйге келем мен,
күбiрлеп жырдың тармағын, –
күз желi сiңген денемнен
иiсi аңқыр нан мен алманың.
Табасың бiр ой тереңнен,
сол ойды ұштап жанисың.
Күз желi сiңген өлеңнен
аңқиды алма, нан иiсi.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тербетiп бау мен бағымды өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Тербетiп бау мен бағымды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тербетiп бау мен бағымды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тербетiп бау мен бағымды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар