Өлең, жыр, ақындар

Қуаныш

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 954
О, қуаныш!
Мен өзiңе сүйiнем.
Сүйiнем де алдыңа кеп иiлем.
Қып-қызыл боп құндағына оралған,
кiресiң сен нәресте боп үйiме.
Ғұмыр бойы келе жатқан ұласып
көнермейтiн,
тот баспайтын мұрасың.
Шөл далаға қаталаған,
кезерген
нөсер болып құйып жауып тұрасың!
Астық болып өсiп шығып жоныма,
гүл болып сен төгiлесiң жолыма.
Суырылып алқа топта сөйлейсiң,
алабұртып бокал ұстап қолыңа.
Сенi ұғады –
қалсын мейлi керең боп.
Жүре алмайсың төбешiк боп, төмен боп.
Ақындардың құшағына кiресiң,
бұрқыраған будақ-будақ өлең боп.
Сенi, сiрә, тартпас ешкiм безбенмен.
Жүресiң ғой жайнаң қағып өзгермей.
Құдiретсiң –
кiрiп келсең кенеттен
жiберетiн жас шығарып көзден де.
Құдiретiсiң! –
айтпас сенi желiк деп.
Сен келгенде тiзгiн берiп ерiкке,
зеңбiрек те мойнын созып аспанға
көмейiнен атқылайды салюттер.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Айдаудағы арыстар

  • 0
  • 0

Елiне теңдiк сұрТемірхан Медетбекаған
Арыстарымның
Мойнына бұғау түсiп,
Аяқ-қолдары

Толық

Түрме

  • 0
  • 0

Елiмнiң үстiне
Елдердi көшiрiп төктi.
Ерегесiп ем
Өшiгiп кеттi.

Толық

Шегірткелер

  • 0
  • 0

Ойлаумен әрбiр сағат, әр күнiмдi
ар жылап, жүрек күйiп жан бүлiндi...
Бұлт болып шегiрткелер қаптап ұшып
жалмауда астығымды, шалғынымды.

Толық

Қарап көріңіз