Өлең, жыр, ақындар

Тымық кеш

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 555
Тып-тынық кеш.
Ұйып тұр заңғар аспан
бәсең тартып дауыс та ән толастар.
Алып шамдар секiлдi бозарады,
аппақ болып гүлдеген алма ағаштар.
Тып-тынық кеш,
У-шу да бiттi мүлде,
Қалғып-мүлгiп маужырап кеттi гүл де,
Шылымдарын тұтатып алып жатты,
жұлдыз бiткен аспанның түкпiрiнде.
Жағып алды бiр отты мұнараң да,
Марғау басып адамдар жүр алаңда.
Қол ұстасқан екi жас
былай шыға
құшақтасып айналды бiр адамға.
Орындалып бәрi де тiлегiңнiң
жүргендейсiң iшiнде жыр-егiннiң.
Тып-тынық кеш, тып-тыныш
құлақ салсаң
естiледi дүрсiлi жүрегiңнiң.
Анда-санда жас күлiп, шал жөтелiп,
қайта тынар әлдекiм ән көтерiп...
Әлдене iздеп шұбырып бара жатты,
бағаналар қолына шам көтерiп...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өмір туралы жыр

  • 0
  • 0

Білгенім,
Мына өмірде
Сан рет өлесің,
Сан рет тірілесің.

Толық

Психологиялық өлең

  • 0
  • 0

Мен қазір —
Басқаны түгіл! —
Әзімді өзім
Естімейтін

Толық

Бүгінгі қазақ кедейі

  • 0
  • 0

Кеудесi қан,
Жұтқаны шаң,
Отызда шал,
Қырықта сал,

Толық

Қарап көріңіз