Өлең, жыр, ақындар

Ұстаздар күніне арнау

Алақанды қалам ұстап көрмеген
Ақ дәптерде арлы- берлі сермеген
Мығым басып сара жолдың бетінде
Өрнектеуді саған қарап көрген ем

Мейлі аспанда, мейлі жерде болайын
Қанат қағып көкке ұшып қонайын
Алайда ұстаз сенің әзиз келбетің
Ой санамда өшпей мәңгі тұр дәйім

Ақ пен қара, талас- тартыс өмірде
Түсірмеймін кірбең аппақ көңілге
Жанашырым, ұстаз сенің тәрбиең
Ажырамас қыл арқандай өрілген

Талай түлек ұшты ұядан сеніммен
Алып ұстаз тәрбиесін төгілген
«Ел бастаған патша басын иеді
Ұстаз деген ұлы есімге» делінген

Әрбір шашың ұрпақ үшін ағарған
Жасырады бүгіп қалып сан арман
Жас ұрпақтың игі ілім алуы
Ұстаз үшін зор марапат саналған

Айға ұшып, шахта қазып жатса да
Басыңа әкеп зерлі тәжді тақса да
Ұстаз берген тәліміңе сүйеніп
Даңғойлықты өз өзіңе жат сана

Күлімдейсің, шаттанасың қарап бір
Ақ жүзіңе қатпар әжім тарапты
Біздер үшін көрген әрбір бейнетің
Баға жетпес алтын сарай қалатты



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақ қағазға үн қатам...

  • 0
  • 0

Қыл қаламмен ақ қағазға үн қатып ,
Бар ғажапты жыр жолымен самғатып.
Айта алмаған бар шындығын іштегі
Паш етпекші ақын қызың жыр жазып.

Толық

Қарап көріңіз