Өлең, жыр, ақындар

Қарапайым адам

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 614
Неткен бай ол сабыр менен төзiмге,
жүре алады ол өз даңқын да сезiнбей.
Қарапайым
тiршiлiгi, тынысы,
қарапайым
табиғаттың өзiндей.
Қара нар боп жүрер ауыр кезде де,
Бiрақ оны байғұс деме,
ез деме.
Керек кезде қара қылды қақ жарар
қарапайым сөзбенен.
Жетедi оның қызуы да,
жалыны,
түседi оның жұртқа бүкiл жарығы.
Аумайды бiр қарапайым қалпынан
болса да оның президиумда орыны.
Бүгiнгi күн толғағынан жаралған
Керек оған жаңалық та,
жаңаң да.
Жүрер бiрақ қарапайым киiммен
матасы мен модасы көп заманда.
Гүл шығатын алдына да,
артына
тартып туған перзент ол халқына
Сөйлесе де,
отырса да,
күлсе де
аумай кетер қарапайым қалпынан.
Сөйлемеген бiреуменен жарысып
Жетсе де оның даңқы менен дабысы
көрмеген бiр
көтерiлiп кеудесi,
көрмеген бiр
көтерiлiп дауысы.
Жаралған ол –
тазалықтан, тұнықтан,
жаралған ол –
қасиеттi ғұрыптан.
Өзгермейдi ол –
көзге түспей қалса да! –
қарапайымдылықтан.
Салмақтылық,
сабырлылық сырласы
Бетке теппей шөгiп жатар тұнбасы.
Еленбесiн,
көзге мейлi түспесiн
бәрiмiзден биiк оның тұлғасы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Төкен Жұмағұлов

  • 0
  • 0

Жатыр бүгін қуанып бар тұсымыз.
Өзіңізге көп бүгін алғысымыз.
Ел мен жұртың қаумалап тойлап жатқан
Құтты болсын, ағажан, Алпысыңыз!

Толық

Қыл көпір

  • 0
  • 0

О дүниеге барғанда
Қыл көпiрден өтесiң.
Өтсең – өтесiң!
Өтпесең –

Толық

Қабаған ит

  • 0
  • 0

Жуындымды,
аяқты жалаған ит,
болдың бүгiн, мiнеки,
қабаған ит!

Толық

Қарап көріңіз