Өлең, жыр, ақындар

Киіз үй

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1132
Содан, содан басталған
Сенiң, менiң арманым.
Киiз үйiм –
аспаннан
үзiп алған қоңырауым.
Өткен қанша кесiрден
мың өртенген,
мың гүлдеп.
Кең даламның төсiнде
тұрған соңсоң күмбiрлеп.
Алдау менен арбаудың
өрт-жалынын жасқаған...
Заман болған
қоңыраудың
тiлiн кесiп тастаған.
Тұрған үнсiз ашынып
енейiн деп күшiме, –
сырын, жырын жасырып
бүгiп алып iшiне.
Тiлге келiп жаушымен
шешiп қайта бар дауын,
домбыраның даусымен
сөйлеп кеткен қоңырауым.
Содан, содан басталған
сенiң, менiң арманым.
Киiз үйiм –
аспаннан
үзiп алған қоңырауым.
Iшiнде оның бұл күнде
тұрмасақ та бiрiмiз,
сөз алатын күмбiрлеп,
сол қоңыраудың тiлiмiз.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алматының ағаштары

  • 0
  • 0

Жел ашылса –
бiр-бiрiмен таласқан,
жел басылса –
бiр-бiрiмен жарасқан –

Толық

Қарсылық

  • 0
  • 0

Қимақ болып тiрлiгiмнiң пернесiн,
жұлмақ болып ертеңiмнiң пердесiн,
бiреулер жүр қара ниет тiлекпен
басамын деп ұлы Дала кеудесiн.

Толық

Меңдеш Салихов

  • 0
  • 0

Меңдеш,
Мен үшін сен
Жұрттан бөлек,
Елден ерек

Толық

Басқа да жазбалар