Елтаңба – Байбота Қошым-Ноғай

Бұл бетте «Елтаңба» атты Байбота Қошым-Ноғай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бейнелеп сан ғасырды,
Елтаңбасы елімнің.
Таратады хас үлгі
Киесіндей жерімнің.

Бабам тұлпар жаратты,
Құлынында танып-ақ.
Тұлпар барда қанатты
Шайқалмайды шаңырақ.

Тәуелсіздік көркі ол да,
Өркениет өрінде.
Нұр төгеді елтаңба
Ақ Орданың төрінде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері