Өлмек парыз, - деп айтар, - тумақ сүндет

Бұл бетте «Өлмек парыз, - деп айтар, - тумақ сүндет» атты Майлықожа Сұлтанқожаұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.12.2015
  • 0
  • 0
  • 14879
«Өлмек парыз, - деп айтар, - тумақ сүндет»,
«Мойынға ораза, намаз, - дейді, - міндет».
Алымдар орындауды мәжбүр етер,
Адамға Мұхамбетке болған үмбет.
Егер де намаз палуан пасық шықса,
Олардан ыбырат алып жұрт не білмек ?
Мың ірәкәт намаздан артық деген,
Кісіге істеген бір ізет - үрмет.
Көрсетілген нұсқада әр түрлі іс,
Білмегің өз шаманды әбен дұрыс.
Жамандарға парықы білінбейді,
Арзан, қымбат бағасы, алтын мен мыс.
Алымдардың уағыз кітабында,
Тағдырға жазылған іс болады - мыс.
Деп айтқан мың реттік әжіліктен,
Артық деп халыққа қылған бір әділ іс.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өлмек парыз, - деп айтар, - тумақ сүндет өлеңінің авторы кім?

Майлықожа Сұлтанқожаұлы — осы өлеңнің авторы.

Өлмек парыз, - деп айтар, - тумақ сүндет өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өлмек парыз, - деп айтар, - тумақ сүндет өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Майлықожа Сұлтанқожаұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өлмек парыз, - деп айтар, - тумақ сүндет өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері