Дүниенi дүр сiлкiнтiп үркiткем

Бұл бетте «Дүниенi дүр сiлкiнтiп үркiткем» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 689
Дүниенi дүр сiлкiнтiп үркiткем
сонау бiр кез қос ауызды мылтықпен.
Кезiп жүрiп тау мен тасты тiнтiп мен
Дүниенi дүр сiлкiнтiп үркiткем.
Бiр жағы шың,
шыңырау болып бiр жағы
қамалып қап тұрған екен құр жаны –
қарауылға ап қос ауызды мылтықпен
құлатқан ем маңғаз тектi құлжаны.
Үндер шығып ызу-қию аралас,
жапырағын төктi жылап бар ағаш.
Бiр-ақ сәтке қақтығысып күн мен түн,
тау күрсiнiп,
қақ айырылды қара тас.
Сұлап жатты тектi құлжа – марқасқа!
Шық тамады көз жасы боп әр тасқа.
Сумаң қағып сүңгiп жатты найзағай
тыр жалаңаш – арса-арса жартасқа...
Ойлап соны қанша күйiп езiлдiм.
Көрем ылғи –
жұмсам болды көзiмдi –
кезеп ұстап қос ауызды мылтығын
маған қарай келе жатқан... өзiмдi.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дүниенi дүр сiлкiнтiп үркiткем өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Дүниенi дүр сiлкiнтiп үркiткем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дүниенi дүр сiлкiнтiп үркiткем өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дүниенi дүр сiлкiнтiп үркiткем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері