Сынақ полигоны – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Сынақ полигоны» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 974
Астан-кестен болып iшкi әлемiм,
отыр едiм ойлап тiрлiк өлеңiн
көктен бе әлде,
жерден бе әлде –
күңiренген –
шықты кенет «сынақ, бомба» деген үн.
Шықты сол үн апат күнiн ұқтырып –
арман солып,
гүл қуарып,
бiттi үмiт.
Жан түршiгер үрей жатты сол үнде,
кеттi содан шашым менiң тiк тұрып.
Сол бiр сөзден су тартылып, жанады ел.
(Ей, адамдар, мейiрiмдi бола гөр).
Сол бiр сөзден тыжырынып денесi,
сұп-сұр болып бара жатты қара жер.
Сол жалғыз үн кеттi менiң құтымды ап.
Сол жалғыз үн кеттi менiң құқымды ап.
Қабiрдегi өлiктер де қозғалып,
аунап түстi сүйектерi сықырлап.
Сол бiр сөзден –
ол сұмдықты көрсетпе! –
тұтастық тұр бөлiнем деп бөлшекке!
Қара тастар қызыл шоққа айналып,
қара сулар қайнап жатты сол сәтте!
Сол бiр сөзден –
үрей енiп жапанға,
сөнiп барып қалды мынау жаhан да!
Сол бiр сөзден –
менiң қара көлеңкем
сiңiп кеттi сұр қабырға – бетонға!
Тыныштықта, тыныштықта тұрсақ та
сол бiр үннен үрей тарап бұл шаққа –
бiр уыс боп қатып қалды жиырылып
нәресте де жатқан әлi құрсақта!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сынақ полигоны өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Сынақ полигоны өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сынақ полигоны өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сынақ полигоны өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар