Бұл бетте «Сәуле» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Танардай боп есiнен
тұрғанда ару ант етiп,
аппақ сәуле көзiнен
тайып түстi жалт етiп.
Бiр ғаламат болды деп
шаттанды аспан құсы да –
сол бiр сәуле қонды кеп
қаламымның ұшына!
Сырын ашып ғаламның
айналам деп мұң, шерге
дәл ұшында қаламның
дiр-дiр етiп тұр сәуле.
Кетердей боп ағып бiр
ауаменен ән құсап,
аппақ сәуле жанып тұр
кiп-кiшкентай шам құсап.
Жыр етем деп сезгенiн
қоңырау болып соғылып
күмбiрлейдi сөздерiм
сол сәулеге шомылып.
Тойын жасап жыр елi
басылмайды қызығы...
Сөздерiме сiңедi
сол сәуленiң қызуы!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі