Айлы түнгі ақ қайыңдар – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Айлы түнгі ақ қайыңдар» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 641
Думан көктем,
базар көктем,
той көктем!
Шарайнадай жарқырайды ай көктен.
Қарсы алдымнан шыға келдi бiр топ боп
ақ қайындар –
осы биыл бойжеткен.
Жаттап алып жатқан-сынды той жырын
айналаға сыңғыр-сыңғыр жайды үнiн.
Желпiп тұрған желге тосып денесiн
сiмiредi аппақ сүттей ай нұрын.
Өлеңiммен, өнерiммен жар салып,
шығып тұрмын алдарынан қарсы алып.
Ақ қайындар,
ақ қайындар,
қайыңдар,
көз жауын ап ырғалады ән салып.
Мамыр болып тербеледi мақпал жыр,
керек емес оларға ендi мақтан құр.
Жел лүп етсе көтерiлiп етегi,
естi алады жарқ ете қап ақ балтыр.
Бұл сезiмiм – сезiм емес өтпелi:
ақ қайыңды тұрған сонау шеткерi –
аппақ жұмыр бiлегiнен ұстап ап
жетектесең –
тұр ғой жүрiп кеткелi...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Айлы түнгі ақ қайыңдар өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Айлы түнгі ақ қайыңдар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Айлы түнгі ақ қайыңдар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Айлы түнгі ақ қайыңдар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері