Күн батарда

Бұл бетте «Күн батарда» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 605
Дамылдаған арқасынан жүк түсiп
жатыр төбе, дөңес, жота бүк түсiп.
...Батып бара жатқан күннiң астынан
реактивтi самолеттер шықты ұшып.
Қарап қалды қала, ауыл, түздер де,
қарап тұрдық қадалып бiр бiздер де.
Зырлап аққан сол бiр самолеттерден
шұбатылып қалып жатқан iздерге!
Тұрды-дағы қарап бiр сәт тосылып,
кеттi кенет сонан бәрi шошынып:
тас төбеде шұғылаға малынған
қанды қызыл iздерге!
Тұрды-дағы қарап бiр сәт тосылып,
Кеттi кенет сонан бәрi шошынып:
Тас төбеде шұғылаға малынған
Қанды қызыл iздер жатты жосылып.
Кеткен сынды ауытқып бiр жер өсi,
Жиырылды түздiң қырат, белесi.
Тартып-тартып жiбергендей дойырмен
Тiлiм-тiлiм ұлы аспанның денесi.
Соған қарап қала, дала тарыққан,
соған қарап қала, дала қамыққан.
Талаураған сол iздерден жерiме
қазiр ендi кететiндей тамып қан...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күн батарда өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Күн батарда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күн батарда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күн батарда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері