Құлазу

Бұл бетте «Құлазу» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.06.2022
  • 0
  • 0
  • 697
Адам бiткен зорға жүр,
сөздi кiсен,
шынжыр қып.
Болған-сынды дәл қазiр
дүниеде бiр сұмдық.
Үзiлiп бар жалғасы
шыдай алмай ашынып, –
дәл осы сәт
жан досым
өлген-сынды асылып.
Көкiректе зорлық-ән –
жау бұзғандай шегiмдi.
Өлген адам,
орнынан
тұрып кеткен секiлдi.
Дәл осы сәт
елес те
қасiретке батқандай –
отқа түсiп нәресте
шыжғырылып жатқандай.
Жанда нала,
күрсiну,
отырмын ғой құнысып.
Дәл осы сәт бiр сұлу
құлағандай у iшiп.
Малынғандай сорға жыр,
жан-жүрегiм жылаған.
Жеп жатқандай –
дәл қазiр! –
бiр адамды бiр адам!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құлазу өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Құлазу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құлазу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құлазу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері