Сайра, Күләш!
Бұл бетте «Сайра, Күләш!» атты Мәриям Хакімжанова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сайра, Күләш, сандуғаш,
Сайра "Гәкку" әніңе.
"Тыңдаймын да болам мас,
Тәтті үніңнің нәріне.
Сайра-сайра, тағы да,
Бал тамызған таңдайың.
Тудың анаң бағына,
Күнге карап мандайың.
Зарлап өткен "Қыз Жібек"
Сен арқылы тірілді.
Ақ желегі үлбіреп
Күндік торы түрілді.
Өлі қызға жан берген,
Күй сандығың сыңғырлап.
Сахнаға сән берген,
Салған әнің мың бұрап.
Аспанында Отанның,
"Гәкку" қақты қанатын.
Артисткасы Отанның,
Жастар үлгі алатын.
Сайра, Күләш, бұлбұлым,
Сені тындап тоймаймын.
Саған тарту бұл жырым,
Алар деп қабыл ойлаймын.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі