Күдік – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Күдік» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.06.2022
  • 0
  • 0
  • 534
Күдiк деген, құдай-ау,
ұры екен ғой.
Ұры деген iшiмде жүр екен ғой.
Мұны бұрын қалай мен бiлмей келгем
күдiк деген, құдай-ау,
ұры екен ғой.
Бiлмей келгем қалай мен бұрын мұны,
ұстау мүмкiн емес қой «тiрi» мұны.
Ту-талақай ететiн iшкi әлемдi
күдiк-ұры дегенiң –
бүлiк ұры.
Тонап жатыр,
тоқтаусыз тонап жатыр,
ой-санамды жара етiп талап жатыр.
Талап жатыр,
жан-жүрек қанап жатыр!
...Төзiм байғұс жарамды жалап жатыр.
Тонап жатыр.
Бор болып үгiтiлдiм.
(Зауалы деп ұғамын мұны кiмнiң).
Арманымның ақ гүлiн алып кеттi,
алып кеттi үкiсiн үмiтiмнiң.
Желкiлдеген басты да желiгiмдi,
алыстатып жiбердi серiгiмдi.
Алып кеттi сонан соң күдiк-ұры
бiр досыма құлаған сенiмiмдi.
Тұманға орап бұлдыр қып ертеңiмдi,
жаймай қойды ақ шаңқан желкенiмдi.
Көк шатыр боп тiгiлiп көздi арбаған
көңiлiмнен ап кеттi ертегiмдi.
Кеттi тонап тағы бiр сөзiмдi алып,
дiрiлдеген кеттi ғой сезiмдi алып.
Күдiк-ұры бiр күнi –
қауiптенем –
өзiмдi алып кетер деп,
өзiмдi алып!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күдік өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Күдік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күдік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күдік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері