Қабаған ит – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Қабаған ит» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.06.2022
  • 0
  • 0
  • 771
Жуындымды,
аяқты жалаған ит,
болдың бүгiн, мiнеки,
қабаған ит!
Абайсызда, немесе
босап кетiп
қан қақсатып талайды талаған ит!
Бiр тынбайтын күн бойы
түн бойымен.
Жан шошытар түсiмен, түр-бойымен, –
сала құлаш шынжырды үзердей боп
жүгiрумен жүредi сым бойымен.
Нең қалады, таласа,
жұлмаласа!
Дiр етесiң!
Ырылдап бiр қараса.
Жүгiредi ол арпылдап,
аласұрып
тұла бойы толы ашу
тұнған ыза!
Аласұрса деме сен:
құр жұлынды.
Басуына басады ол бiр жыныңды.
Босана алмай –
ызадан шақырлатып
шайнап-шайнап жiберер шынжырыңды.
Ит болған соң неғылсын абыройды.
Абыройға ол бұта деп сарымайды...
Қорасын ол таниды –
өз иесiн.
Өзге жанды бiрақ та танымайды.
Есiк аузы, босаға – төрi мұның.
Ашу, ыза –
болмас-ау шегi мұның.
Көрген кезде осы иттi,
кейде менiң
қозып барып қалады Бөрiлiгiм.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қабаған ит өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Қабаған ит өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қабаған ит өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қабаған ит өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері