Өлең, жыр, ақындар

Ынжық

  • 09.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1041
Кетiп тiрлiк кетеуi
Мың құлатып, мың жықты...
Жыным қозып кетедi
көрсем осы ынжықты.
Тұрамын ғой шыдамай,
от шарпиды дененi.
Ынжық деген, құдай-ай,
неткен қансыз жан едi!
Неткен сорлы мұншама!
Құлатады туыңды! –
Үндемейдi
құйса да
төбесiне жуынды.
Сүмiрейiп тұрғаны
салса да әкеп табанға –
Жүресiң ғой жынданып
ынжық осы адамға.
Күйесiң де жанасың
бүгiлсе де, бұқса да –
үндемейдi,
қарашы,
басын күлге тықса да.
Жiбердiң деп есеңдi
Ызаланам,
кiжiнем! –
тепсем бе екен осы ендi
«ыңқ» еткiзiп iшiнен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жағымпаз

  • 0
  • 0

Сөзбенен! –
Айдың сәулесiнен
Ақ шатыр тiгiп бередi.
Өзендердi бұрып әкеп –

Толық

Жел

  • 0
  • 0

Шалғыдай өткір
Мына бір жел
Ызбарлы жүзімен
Кетердей орып бір...

Толық

Зейнолла Қабдолов

  • 0
  • 0

Ұқсамайтын бiр күнiне бiр күнi,
есiне алып отыратын iлкiнi,
осы бiр жан үйiнде де, түзде де
сөз өсiрiп, сөз баптайды күн-түнi.

Толық