Төзім жыры – Әбіш Кекілбаев

Бұл бетте «Төзім жыры» атты Әбіш Кекілбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.11.2015
  • 0
  • 2
  • 22952
Бүтіннің бәрі тесіліп,
Тесіктің бәрі көміліп,
Бойшаңның бәрі кесіліп,
Толының бәрі төгіліп,
Төгінділер шашылып,
Кесінділер мүжіліп,
Шашынды шаң боп таусылып,
Мүжінді күл боп үгіліп,
Шаң шашырап бозаң боп,
Күл шашылып тозаң боп,
Тұтастар түгел тұтылып,
Толылар тегіс жұтылып,
Айлалылар ұтылып,
Айбарлылар мытылып,
Майса толып шалғын боп,
Майда бойлап балғын боп,
Қайтқанша кеткен қапылар,
Ес жиғанша жабылар,
Көгере қоймас көсеге,
Түзеле қоймас пешене,
Ортая берер бұл тірлік,
Орнай қоймас бүтіндік,
Жел желігіп, бұлт бүркіп,
Желпілдей берер бұл түндік.
Желкелей берер бұл заман,
Жетелей берер шырғалаң.
Шытырман болар сыбағаң,
Шығады аман шыдаған.
Төзімнен басқа жоқ шараң,
Өзіңнен басқа жоқ панаң.
Қолтыққа су бүріккен,
Тақымға ине жүгірткен
Елбендерге елікпе,
Желбендерге желікпе
Түспейін десең өртке.
Бөрлікпе де, бөрітпе,
Тұрғанда соңғы сынақ қап,
Шыдап бақ, қазақ, шыдап бақ!
1995.


Пікірлер (2)

Жаңыл

Бəрі бар күшті!

Айнұр

Өте жақсы

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Төзім жыры өлеңінің авторы кім?

Әбіш Кекілбаев — осы өлеңнің авторы.

Төзім жыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Төзім жыры өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбіш Кекілбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Төзім жыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері