Өмір дегенің өтпелі, осы-ау демесін – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Өмір дегенің өтпелі, осы-ау демесін» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өмір туралы өлең берілген.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 1281
Өмір дегенің өтпелі, осы-ау демесін,
Арманыңның аударма асау кемесін.
Бұлт қаласын аспанның жарып өтіп,
Жұрт қарасын жүзіңе, қашан келесің?
Көз алдымнан қараған жанарың кетпеді,
Көкірегіңнен тараған даланың көктемі.
Үмітімді үзер ем, ең болмаса,
«Бара алмаймын» деген бір хабарың жетпеді.
Үмітімді білмеймін, неге үзбеймін,
Аласұрған тынымсыз теңіздеймін.
Жым-жырт, сұрғылт күндерден, жылтыраған
Сәулелердің ішінен сені іздеймін.
Аудармашы арманның асау кемесін,
Көздерімнің нұрымен қашалды елесің.
Сағыныштың сары-ала дариясын кешіп,
Айдыныңа ақ құсым қашан келесің?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері