Өлең, жыр, ақындар

Қысылғанда, кейде жолым болмай бір

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 493
Қысылғанда, кейде жолым болмай бір,
Көкірегімде шырылдайды торғай жыр.
Әр уақытта демеп, жебеп балаңды,
Ата-бабам аруағы қорғай жүр.
Осы жерге келіп, кетер мың сан ел,
(Бабам жатқан топырақ неткен жұсақ ең)
Адаспастан келіп бүгін басыңа
Тағзым етіп, беріп тұрмын бір сәлем.
Аруақты ұмытқандар оңбай жүр,
Маған тағдыр бұйырмасын сондай бір.
Қара орманым, қайда жүрсем, қарайлап,
Ұрпағыңды рухыңмен қодай жүр.
Мейріміңе көптен бері сусап ем,
Қаңбақ қайда домаламас қуса жел.
Арманымен тірі қалған тілегі,
Өлгендерге тірілерден бір сәлем.
Өзің өліп, бізге өмірді сыйладың,
Жер бетіне неге мәңгі сыймадың?
Аруақтар, ақ періште тілегім –
Қабыл болып, бұйырсыншы иманың...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алданамын, кімге ашылып, сенсем көп

  • 0
  • 0

Алданамын, кімге ашылып, сенсем көп,
Көңіл ауру, бір сөзіңмен берші емдеп.
Адамдардың ортасында жүріп-ақ
Адамды бір сағынамын көрсем деп...

Толық

Ақбоз ат мінген бозбала дүние

  • 0
  • 0

Ән салып тұрды
Ақбоз ат мінген бозбала дүние түсімде,
Айналып арман мүсінге.
Ән салып тұрды ертедегі батырдай

Толық

Аспан құмар жаным құс, түрме тәнім

  • 0
  • 0

Аспан құмар жаным құс, түрме тәнім,
Тәнге көнбей, биікке тіл қатамын.
Сеземін мен, еңкейіп көкжиеке,
Шыққан күннің алаулап бір батарын.

Толық