Өлең, жыр, ақындар

Бар салмағын мінезімнің көтерген

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 478
Бар салмағын мінезімнің көтерген,
Жанға рахат таппай жылы мекеннен.
Асылымның айырбастап бәр бәрін,
Неге тасқа ғашық болдым екен мен?
Тас көзденген... қарайды үнсіз көрші өктем,
Өзгеретін, сырымды ұқпай әр сәтпен.
Қызыл тасты қолыма алып, айныдым,
Жер мен көкті қызыл етіп көрсеткен.
Құбылмайтын қайдан бояу табам деп,
Көкірегіме көздің жасы толар кеп.
Жасыл тасты алып, жерге лақтырдым,
Ғұмыры оның жапырақтай болар деп.
Тастар, тастар! Ой салады маған көп,
Кейде үнсіз тілдеседі бабам боп.
Ақшыл тасты алып одан айныдым,
Көзім жасы оңашада тамар деп.
Қара бояу, бояуы деп қайғының,
Тас іздедім, талғамыма сай бүгін.
Ұқсайтұғын батқан күнге сарғайған,
Сарғыш түстес тастан да мен айныдым.
Талғамыма сай тасты табу қиын ақ
Құбылатын көңілімнің күйі ұнап.
Құлағымда мөлтілдейді қос сырға,
Қос тамшыны көздеріне құйып ап...
Құтыламыз... неге бәрін «тағдыр» деп,
Тағдырына араласпай «жанның» көп.
Әлде ғашық болдым ба?
Мен сүйетін –
Жүрегі жоқ, тасқа жүрек салғым кеп...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қыран

  • 0
  • 0

Екі көзің тілеп ұрыс, тілеп қан,
Көкірегіңде долы жүрек соғып тұр.
Болат тырнақ тиген жерін уатқан,
Шырқау көктен түскен кезде ағып бір.

Толық

Адаммын екі аяқты, періште емен

  • 0
  • 0

Адаммын екі аяқты, періште емен,
Кезім көп келісіп те, келіспеген.
Асырып айла-күшті қадам сайын,
Жүргем жоқ ие болып жеңіске мен.

Толық

Тыныштық – тынысым

  • 0
  • 0

Планета тынысы –
менің тынысым,
сенің тынысың.
Хабарсыз отырсам кетеді тынышым.

Толық

Қарап көріңіз