Астам

Бұл бетте «Астам» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.06.2022
  • 0
  • 0
  • 566
Айналаны,
ортаны сезiнбедi.
Құбылысты тұсады сезiмдегi.
Бұл өмiрде,
бұл тiрлiк,
бұл қазақта
өзiм дедi, тек қана өзiм дедi!
Өзi жайлы күн бойы жазатыны.
Түнi бойы тек өзi қазатыны.
Қиырына көз жетпес шалқып жатқан
дария боп көрiндi өз ақылы!
Қарамады ол өзге ойға,
өрт өлеңге.
Қарамады ол өзге жұрт,
өркен елге.
Терең болып көрiндi өз ойлары,
күнi бойы сүңгiдi сол тереңге.
Қарсы даулар қадалды қанжар болып,
соңы кеттi дау болып,
жанжал болып.
Теңiз бенен дария түбiндегi
өз сөздерi көрiндi маржан болып.
Астамдықтан семдi де,
өлдi ақылы.
Астамдықтың зауалын көрдi ақыры, –
тек өзiне сүңгiген сол бiр адам
өзiне-өзi тұншығып өлдi ақыры!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Астам өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Астам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Астам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Астам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері